jasqazaq.kz

Қырғызстанда алғаш коронавирус анықталған науқас қайтыс болды

03 сәуiр 2020, 10:53

COVID-19 коронавирус инфекциясы расталған алғашқы науқас қайтыс болды. Бұл туралы КАБАР агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

«2 сәуір күні Ош облысының Ноқат аумақтық ауруханасында 61 жастағы пациенттің биологиялық өлімі тіркелді. Науқас шетелден келіп, стационарлық оқшаулауда болған, кейін ем қабылдаған. ПЦР сынамасы жүргізіліп, COVID-19 инфекциясы расталған», — делінген COVID-19 вирусымен күрес жөніндегі республикалық штаб хабарламасында. Хабарламада атап өткендей, пациентте қосалқы аурулар болған. Қырғызстанда 3 сәуірде COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 9 жаңа жағдай тіркелді. Осылайша, елде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 125 адамға жетті. 5 науқас ауруханадан сауығып шықты.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі