jasqazaq.kz

Қырғызстанда 7 жастағы бала сүндеттелгеннен кейін қайтыс болды

05 сәуiр 2022, 15:06

Бішкекте жеті жасар бала сүндетке отырғызылғаннан кейін қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg агенттігіне сілтеме жасап.

Бішкек қаласы Октябрь аудандық ішкі істер басқармасының мәліметінше, 2 сәуірде полицияға қалалық балалар клиникалық жедел жәрдем ауруханасының хирургия бөлімінде баланың қайтыс болғаны туралы ақпарат келіп түскен.

«Бала ұлттық госпитальда жергілікті анестезиямен сүндетке отырғызылғаны белгілі болды. Операциядан кейін ол үшінші балалар ауруханасының хирургия бөліміне «Платтер синдромы» диагнозымен жатқызылған. Қатты қан кеткеннен кейін есін жимай қайтыс болған. Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр», — деді полиция.

Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігі қалалық балалар клиникалық ауруханасында бала өліміне қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Ата-анасы сараптама жасаудан бас тартқан.

«Бала ауруханаға 2 сәуірде түскен. Бала сүндетке отырғызылған, бірақ операция аяқталмаған. Туыстары операцияның қай жерде жасалғанын айтқан жоқ. Барлық реанимациялық шараларға қарамастан баланы аман алып қалу мүмкін болмады», — деп хабарлады ведомстводан.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр