jasqazaq.kz

Қырғызстан ҰҚМК: Асқар Ақаевқа жаңа айып тағылды

21 желтоқсан 2021, 16:17

Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаевқа қатысты қылмыстық істі тергеу жалғасады, оған жаңа айып тағылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жақында Ақаевтың әріптесі Бекболот Талғарбеков бұрынғы мемлекет басшысынан барлық айыптау алып тасталғанын және оған қатысты қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылғанын мәлімдеді.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі бүгін, 21 желтоқсанда Талғарбековтің сөзін жоққа шығарды.

«Жекелеген тұлғалардың бұрынғы президент Асқар Ақаевтың «Құмтөр» ісі бойынша айыптауларын алып тастауға қатысты жалған мәлімдемесіне байланысты ҰҚК қоғамға осы қылмыстық істі тергеудің алдын ала нәтижелері туралы объектив ақпарат жеткізуді қажет деп санайды. Тергеуге қатысы жоқ және сәйкесінше іс бойынша сенімді ақпараты жоқ адамдардың мұндай мәлімдемесі қоғамды әдейі адастырады», — деп түсіндірді департамент өкілі.

Сонымен қатар, Асқар Ақаевқа 1992 жылы «Камеко» компаниясымен бас келісім жасасу және 2003 жылы «Құмтөр» жобасын қайта құрылымдау эпизодтары бойынша жаңа айып тағылған.

«Асқар Ақаев қылмыстарды жасағаны үшін өз кінәсін толық мойындағанын және тергеумен белсенді түрде ынтымақтасатынын, ал оның елден тыс жерге кетуі тергеушімен, сондай-ақ оның Бішкекке келуімен алдын ала келісілетінін ерекше атап өткен жөн. Бұл ретте қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр және «Құмтөр» жобасын іске асыруға байланысты қылмыстарды жасаудың басқа да деректері анықталады, ал жүргізілген тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша іс фигуранттарына тиісті заңдық баға беріледі», — деп түйіндеді ҰҚК өкілі.

Зулайка Эркимбаева, Бішкек

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр