jasqazaq.kz

Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы ұсталды

30 қантар 2021, 17:26

Бопсалаймын деп сан соқты. Қырғызстан республикасы президенті Баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрғазы Анарқұлов пара алу үшін бопсалады деген күдікке ілініп, іле шала қамауға алынды. Тәбетін тойдырар қомақты қаржыны қалтасына басса, мемлекеттік қызметтің басқарушы тізгінін ұстатуға септеспек болыпты-мыс. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді.

«Нұрғазы Анарқұлов өз пайдасы үшін қызмет бабын асыра пайдаланғаны анықталды. Мемлекеттік қызметтің біріне басқарушы орынды алып беру үшін қомақты қаржы сұраған. Ақшаны алғасын мәселені оңтайлы шешуге уеде берген» дейді Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Осы жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 326 бабы бабымен (пара бопсалау) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Нұрғазы Анарқұлов 2020 жылдың 30 қазанында Президент аппараты Ақпараттық саясат бөлімінің жетекішісі қызметіне кіріскен. Оған дейін «Майдан.kg» сайтының бас редакторы, «Атажұрт», «Мекеншіл» партияларының баспасөз хатшысы қызметін атқарған.

Jas Qazaq — ақпарат

Фото: ГКНБ

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде