jasqazaq.kz

Қырғызстан МҰҚК басшысы: Атамбаев елде төңкеріс жасамақ болды

13 тамыз 2019, 13:48

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмасбек Атамбаев төңкеріс жасамақшы болған. Бұл туралы Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Орозбек Опумбаев баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Ол Алмасбек Атамбаевтың адамдарға 1-3 мың сом аралығында ақша төлеп, үйінің алдына әдейі жинағанын атап өтті. Қырғыз Республикасының МҰҚК басшысы операцияға «Альфа» арнайы жасақтың жіберілгенін түсіндірді. Оның айтуынша, ереже бойынша «Альфа» антитеррористік әрекеттерде тартылады. Бірақ, ол қосымшаға сәйкес, кейбір жағдайда арнайы жасақтың жұмылдырылатынын атап өтті. МҰҚК басшысы «Альфа» арнайы жасағының есірткі тасушылар мен ұйымдасқан қылмыстық топты ұстау кезіндегі операциясын мысал ретінде келтірді. «Арнайы жасақ жедел уәкілдерді зорлық әрекеттерден қорғауы керек еді. Сондықтан, олардың саны аз болды. Мәжбүрлеп алып келудің бес нұсқасы қарастырылды. Орын алған жағдай – бір нұсқа еді және ол ең тиімдісі болатын. Себебі, кез келген әрекет – арнайы жасақ, ІІМ және МҰҚК жұмысы туралы ақпарат Атамбаевтың штабына жасырын жеткізілді. Сегізбаевтың (Абдиль Сегізбаев, бұрынғы МҰҚК басшысы) және Исраиловтың (Улан Исраилов, бұрынғы ішкі істер министрі) органдағы бұрынғы және қазіргі адамдар осы үшін ақша алып отырды. Барлығын штабқа жеткізіп отырды, сондықтан кенеттен шабуылдау туралы шешім қабылданды. Атамбаев 500 адам жинады. Олар балалар, әйелдер және қариялар еді. Оған билікті айыптау үшін қан төгу керек болды, ол мемлекеттік төңкеріс жасайтын еді», — деді ол. Опумбаев атап өткендей, Атамбаев есіктері мен терезелеріне темір қоршау орнатып, үйін қорғауға толықтай дайындалған.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда