jasqazaq.kz

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қақтығысып қалды

14 наурыз 2019, 11:11


Қырғызстан мен Тәжікстан республикаларының тұрғындары арасындағы қақтығыс 13 наурыз күні екі ел шекарасында болды деп хабарлайды Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.
Оқиға Кожогарда болған. Қақтығысқа Баткен ауданы Ақсай ауылының және Мехнатабад ауылының тұрғындары қатысқан. Бұған Ақ-Сай – Тамдық айналма жолының салынуы себеп болған.
Ақпарат бойынша, қақтығысқа Тәжікстанның 70 азаматы және қызғызстандық 50 азамат қатысқан. Олар бір-бірін таспен атқан көрінеді.
Оқиға орнына екі елдің шекарашылары келіп, әскерилердің көмегімен жанжал басылған
егенмен қызғыстандық тарап Ақ-Сай жолын жауып тастапты, ал тәжікстандықтар өз кезегінде Торт-Кочо жолын жапты.Қазіргі таңда жағдай бақылауға алынған. Мамандар тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Аталмыш жайтқа байланысты Қырғызстан және Тәжікстанның шекара өкілдерінің кездесуі өткізілді. Тараптар тәжік-қырғыз шекарасындағы ахуалды тұрақтандыру жөнідегі келісімге келді.
Баткендік шекара жасағының жеке құрамы күшейтілген күзет түріне ауысқаны хабарланды.
Қақтығыс кезінде Қырғызстан тарапынан бір адам жарақатпен Самаркандек ауруханасына жеткізілген.
Sputnik Тәжікстанның мәліметінше, екі ел шекарашылары адамдарды басу үшін ескертпе оқ атқан.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде