jasqazaq.kz

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс болды

10 қантар 2020, 11:37

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс болып, ауыл тұрғындары эвакуацияланды, — деп хабарлайды РИА Новости. «Тәжікстанға көрші тұрған Көк-Таш ауылының тұрғындары қауіпсіздік мақсатында мектептерге уақытша орналастырылды», — деп хабарлады Баткен облысы әкімшілігінің баспасөз қызметіндегілер. Олардың айтуынша, Дахма ауданының тұрғындары да эвакуацияланды. Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметінің өкілдері белгісіз біреулердің көліктер мен үйлерге тас лақтырғанын айтады. Шекара қызметкерлері оқиға орнына барған. Нәтижесінде Тәжікстан тарапының атыс шығарып жатқаны анықталған. «Қазіргі уақытта атыс тоқтатылды. Қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай шиеленісіп тұр, бірақ тұрақты. Шекара бөлімшелерінің қызметкерлері Баткен облысына барды, барлығы күшейтілген тәртіпте», — деді шекара қызметінің өкілдері.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде