jasqazaq.kz

Қырғызстан мен Өзбекстан Наурыз мерекесін тойламайды

10 наурыз 2020, 11:53

Қырғызстанда, ресми дерек бойынша, коронавирус жұқтырғандар жоқ.  Қырғызстан билігі Наурыз мерекесіне жоспарланған барлық шарадан бас тартты. 

Қырғызстан билігі коронавирустан сақтану үшін осындай шешім қабылдағанын мәлімдеді. Бұған дейін ел үкіметі ірі шараларды ұйымдастыруға шектеу қойып, бірнеше спорт жарысынан бас тартқан. Елдегі опера және балет театры, Қырғызстан ұлттық филармаониясы да уақытша жабылды.

Қырғызстанда, ресми дерек бойынша, коронавирус жұқтырғандар жоқ. Өзбекстан үкіметі де наурызда жоспарланған мерекелік шаралардың бәрін уақытша тоқтатты.  Қытайда тараған Covid-19 вирусын әлемде жұқтырғандар саны 110 мыңға жуықтап қалды. 3800-дей адам қаза болды.    Вирус тараған Қытайда 8 наурызда 41 адам дертке шалдыққаны белгілі болды. Бұл елде күннен-күнге вирус жұқтырғандар саны азайып келеді. Дегенмен, Қытайда қаңтардың басынан бері 80 мың адам вирус жұқтырып, үш мыңнан астам адам опат болды.

Ал Оңтүстік Кореяда вирус жұқтырғандар 7400-ге жуықтады. Елу адам қаза болды.  Иранда вирус жұқтырғандар жеті мыңға адамға жетті. 9 наурызда вирустан бақилық болғандар 230-дан асты.

8 наурыздағы дерек бойынша, Италияда қазір 7375 адам дертке шалдығып, 366 адам өмірден өтті. Италия вирус көп тараған солтүстік аймақты, 16 миллиондай халықты, 3 сәуірге дейін карантинге жапты.

zakon.kz

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі