jasqazaq.kz

Қырғызстан мектептерінде оқу жылы 15 қыркүйектен басталады

12 тамыз 2021, 13:48

Қырғызстанның білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылы 15 қыркүйектен басталады. Мұндай шешімге Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы Улукбек Марипов қол қойды. Бұл туралы Кабарға сілтеме ҚазАқпарат жасап хабарлайды.

Қырғызстан министрлер кабинетінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқу жылының басталуын 15 күнге ауыстыру туралы шешім елдегі эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, дәстүрлі оқыту нысанына кезең-кезеңімен көшу мақсатында қабылданды.

Өз кезегінде, Қырғызстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқу процесін дәстүрлі форматта қайта бастау кезінде қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері, осындай форматтың артықшылықтары мен қауіп-қатерлері және басқа да факторлар назарға алынуы тиіс екенін атап өтті.

«Қазіргі уақытта барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында 152 мың 827 қызметкер жұмыс істеп жатыр. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2021 жылғы 12 тамыздағы жағдай бойынша COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші дозасын 56 мың 114 қызметкер алған, бұл 36,7% құрайды. Өз кезегінде, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін қызметкерлердің кемінде 70% вакциналау қажет, яғни еліміз бойынша білім беру саласының кемінде 52 мың қызметкері вакцина алуы тиіс», — делінген хабарламада.

Оқу жылын кейінге ауыстыру жазғы туристік маусымның ұзаруына да әсері бар. Яғни туризм саласын қалпына келтіріп, оны әрі қарай дамытуға ықпал етпек.

«Бұл қаулы білім беру жүйесіндегі қызметкерлердің жалақысына әсер етпейді. Бұдан бөлек, оқуды 11 қыркүйектен кейін бастайтын бірқатар шет елдердің тәжірибесі де назарға алынды», — деп түсіндірді министрлер кабинетінен.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия