jasqazaq.kz

Қырғызстан Лукашенконың Бакиевпен кездесуіне байланысты наразылық нотасын жолдады

07 тамыз 2019, 16:28

Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігіне Қырғызстандағы Беларусь Республикасының елшілік ісіндегі уақытша сенімді уәкілі С.Иванов шақыртылды. Бұл туралы Кабар агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

«Беларусь президенті Александр Лукашенконың Құрманбек Бакиевпен кездесуі туралы Беларусь Республикасы президентінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 2019 жылдың 7 тамызында Қырғызстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қырғызстандағы Беларусь Республикасының елшілік ісіндегі уақытша сенімді уәкілі С.Ивановты шақырды», — делінген Қырғызстанның сыртқы саяси ведомствосының баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Кездесу барысында Қырғызстанда сотталушы тұлғамен ресми ашық байланысты жалғастыруға наразылық білдірілген Қырғызстан СІМ-нің нотасы табысталды. «Қырғыз тарапы осы кездесу барысында Қырғыз Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдануына және екі мемлекет арасындағы достық пен ынтымақтастық қағидаттарына мүлдем сәйкес келмейтін қырғыз-беларусь достығы туралы сөз қозғауға жол берілмейді деп санайды. Қырғыз тарапы Беларусь Республикасының ресми билігін осы жағдайға көзқарасты өзгертіп, екіжақты ынтымақтастықтың жағымды жағына назар аударуға шақырады», — деп мәлімдеді Қырғызстан СІМ.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда