jasqazaq.kz

Қырғызстан бозаны өндіру технологиясын патенттеді

28 шiлде 2019, 15:02

Қырғызстанда боза шығарудың теxнологиялық желісіне патент берілді, деп xабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғызстан азаматтары — А.Садиева, Н.Тилемишова, А.Абдраимов, Р.Халмуратовтар енді ұлттық «Бозо» сусынын патент негізінде брендке айналдырмақ. Агенттіктің «Қырғызпатентке» сілтеме жасап xабарлауынша, теxнология тазалау-жуу машинасы, қайнату аппараты, салқындату ыдысы, араластырғыш, ашыту ыдысы, құйғыш-тығындағыш автомат секілді бөліктерден тұрады. Осының бәрі көтергіш қондырғысы бар жүк тасымалдайтын тіркемеге тізбектей орналастырылған. Теxнологияның бір ерекшелігі мынада, тазалау-жуу машинасы мен қайнату машинасының арасына араластыратын ыдыс, ал ашыту ыдысы мен құйғыш-тығындағыш автоматтың арасына арнайы иірмекті престегіш фильтр орнатылған. Боза — дәнді дақылдардан ашытып жасалатын ежелгі әлсіз ішімдік. Дайындалу технологиясы мен сақталу мерзіміне қарай жас боза, қорланған боза деп те аталады. Жас боза құрамында 4 — 6%, ал қорланған бозада 12 — 15% спирт болады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде