jasqazaq.kz

Қырғызстан билігі Садыр Жапаровтың қолына өтті

16 қазан 2020, 12:37


Қырғызстан президенті міндетін атқарушы Садыр Жапаров Бішкекті тәртіпке келтіргендерге алғыс айтты.

Оның айтуынша, соңғы күндері елде болған қоғамдық-саяси оқиғалар мемлекеттік төңкеріс болып саналмайды.
«Егер біз 5-6 қазанда жағдайды тұрақтандыруға тырыспасақ, осында отырмас едік. Абырой болғанда, біреудің жеке мүлкін тонау және заңсыз тартып алу болған жоқ. Төңкеріс те болмады. Билік бейбіт және заңды түрде ауысты», — деді Жапаров парламент отырысында.
Сондай-ақ, ол бірнеше сағаттан кейін Қырғызстан халқына үндеу жасайтынын атап өтті.
Қырғызстанда премьер-министр тағайындалды
Айта кетейік, 15 қазанда Қырғызстан президенті отставкаға кететінін мәлімдеген болатын.
Еске салайық, 5 қазанға қараған түні Қырғызстанда 4 қазанда өткен парламенттік сайлаудың қорытындыларымен келіспейтіндер жаппай наразылыққа шыққан еді. Наразылық білдірушілер қауіпсіздік күштерімен қақтығыстан кейін Парламентке өтпеген оппозициялық партиялардың жақтастары Ақ үйді басып алды.

Ресми мәлімет бойынша, қақтығыстарда 1,2 мыңнан аса адам зардап шекті, біреуі қайтыс болды.

 Tengrinews.kz 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде