jasqazaq.kz

Қырғызстан азаматы Қазақстаннан 10 жыл бойы зейнетақыны заңсыз алып келген

17 наурыз 2022, 17:57

Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша, азамат кез келген басқа азаматтықты алғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде қазақстандық үлгідегі паспорт пен жеке куәлікті тапсыруы және азаматтығынан айырылуды тіркеуі міндетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алайда, Қазақстанның кейбір тұрғындары басқа елдің азаматтары бола тұра, Қазақстанға келу және тұру үшін қазақстандық құжаттарды пайдаланады. Олар әртүрлі елдерде белгіленген әлеуметтік, зейнетақы және басқа да жеңілдіктерді пайдалану үшін азаматтықты өзгерту фактісі туралы хабарлауға асықпайды.

«Биыл ақпан айында көші-қон қызметінің қызметкерлері Риддер қаласының тұрғынын анықтады, ол 2012 жылдың маусым айында Қырғызстан Республикасының азаматтығын қабылдаған, бірақ 10 жыл бойы ол қазақстандық зейнетақы алып келген. Тәртіп бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 1-бөлігі бойынша 100 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

Одан ҚР азаматының жеке куәлігі мен паспорты алынып, Қазақстан азаматтығынан айырылғаны тіркелді.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында қос азаматтығы үшін 19 азаматқа айыппұл салынды.

ШҚО ПД Көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елде қос азаматтыққа жол берілмейтінін және көші-қон заңнамасын сақтауды сұрайтынын еске салады.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр