jasqazaq.kz

Қырғыздар мен өзбектер шекарада суға таласып, қақтығысты (видео)

01 маусым 2020, 10:30

Кеше, 31 мамырда Қырғызстанның Баткен облысының Өзбекстанмен шекаралас жерінде 10 адам арасында қақтығыс болды — Қырғызстанның Чечме ауылы мен Өзбекстанның Чашма ауылы тұрғындарының арасында дау шықты, — деп хабарлайды АКИpress.

Басылымның мәліметінше, бұл қақтығысқа екі ауыл тұрғындары Чечме ауылындағы су көзі себеп болған. Тараптардың бірі су көзі өздеріне тиесілі екенін айтып, нәтижесінде дау шығып, қақтығысқа ұласқан.

Оқиға орнына жергілікті билік өкілдері келіп, қақтығысты тоқтату мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Дереккөз мәліметінше, ауыл тұрғындары бір-біріне тас лақтырған. Алдын ала мәлімет бойынша, жарақат алғандар бар.

Қырғызстанның вице-премьері Акрам Мадумаров қырғызстандықтар мен өзбекстандықтар арасында қақтығыс болғанын растады.

«Жыл сайын екі ауылдың тұрғындары су көзін тазарту жұмыстарын жүргізеді. Бұл жолы белгісіз себептермен олардың арасында дау шығып, бір-біріне тас лақтырған. Жергілікті биліктегілер олармен сөйлесіп жатыр. Бұл су көзін екі ауыл қолданғандықтан мұндай дау жиі болып тұрады. Жағдайдың ушығуына жол бермейміз», — дейді Акрам Мадумаров.

Оқиға орнына барған «Азаттық» тілшісінің мәліметінше, сағат 19:30-да тұрғындар әлі де бір-біріне тас лақтырған. Жедел жәрдем көлігі зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсеткен.

https://youtu.be/3PyPyAyVxZQ

Дереккөз мәліметінше, сағат 22:00-де ғана екі тарап келісімге келе алған. Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері шекарада болған қақтығыстан 15 адамның зардап шеккенін хабарлады.

Өзбекстанда тұратын тәжік журналисі Мирасрор Фаргони «Ахбор» басылымына берген сұхбатында Сох ауданының орталық ауруханасына 146 адам жеткізілген.

Дереккөзі: tengrinews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия