jasqazaq.kz

Қырғыздар қызды алып қашты (Видео)

06 мамыр 2021, 16:25

Қырғызстанда тағы бір қыз ұрланды. Жәбірленуші 26 жастағы Изат Курбанова. Оның туыстары милицияға арыз түсірген, — деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Басылым мәліметі бойынша, қызды Бішкек маңындағы Лебединовка ауылынан сағат шамамен 23:00-де белгісіз біреулер ұрлап әкеткен. Ұрлау сәті видеоға түсіп қалған. Милицияға Изаттың әпкесі шамамен 02:00-де арыз түсірген. Ол белгісіз біреулер Toyota Estima маркалы автокөлігіне қызды мәжбүрлеп отырғызып, алып кеткенін айтқан.

ІІББ өкілдері сотқа дейінгі іс жүргізу басталғанын және күдіктінің жеке басы анықталғанын айтты. Оның тұрғылықты жері анықталып, оған милиция қызметкерлері жіберілген.

Sputnik Қырғызстан тілшілері ұрланған қыздың туыстарымен байланысқа шыққан. Олардың айтуынша, қыз әлі табылған жоқ, бірақ «күйеу жігіттің туыстары» келген.

«Оның қайда екенін әлі білмейміз. Бірақ жігіттің туыстары келіп, қыз «алып қашу» рәсімінен кейін тұрмысқа шығуға келіскенін айтты. Ата-анасы келіспеді және қызымен сөйлесуді сұрап отыр», — дейді туыстары.

Милиция қызметкерлері кейінірек толық ақпарат беруге уәде берді. Айта кетейік, Қырғызстанда қызды некеге тұру мақсатында ұрлау қылмыстық іс саналады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от 24.kg Новости Кыргызстан (@24_kg)

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия