jasqazaq.kz

Қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай: 13 адам көз жұмды

30 сәуiр 2021, 10:02

Қырғыз-тәжік шекарасындағы оқиға салдарынан 13 адам мерт болып, 134 адам жарақат алған. Бұл туралы Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомство дерегінше, 13 адам қайтыс болған. Сонымен қатар 25 зардап шеккен адам арнайы бортпен Баткеннен Бішкекке жеткізіліп, Бішкек травмотолгия және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығы, Ұлттық госпиталь және Ұлттық хирургия орталығына жатқызылған. Екі адамның жағдайы ауыр, қалғандарының жағдайы орташа деңгейде және қанағаттанарлық. Еске сала кетсек, 28 сәуір күні Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында екі ел тұрғындары өзара келіспей, қақтығыс басталды. Қырғызстанның Баткен облысының Баткен ауданының «Головной» елді мекенінде жағдай шиеленісіп кетті. Қырғыз тарапы қақтығыс аймағынан 848 адам көшірілгенін мәлім етті. Қырғызстан мен Тәжікстан 29 сәуірде сағат 20:00-ден бастап атысты тоқтату туралы келісімге келді.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия