jasqazaq.kz

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс: Екі ел бір-біріне нота жіберді

10 мамыр 2020, 11:12

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қарулы қақтығысқа байланысты екі ел наразылық ноталарымен алмасты.

Қырғызстандық Кабар агенттігінің хабарлауынша, Тәжікстанның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Н.Ализода Қырғызстанның мемлекеттік шекарасында 8 мамыр күні қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасында болған қарулы қақтығысқа байланысты Қырғызстан сыртқы істер министрлігіне шақырылған.

Тәжік дипломатына Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігі әскери қызметшілер мен Қырғызстан азаматтарын ұңғыастылық граната оқтары бар автоматтардан, соның ішінде топтық миномет қаруларынан мақсатты атылып, салдарынан шекара қызметінің үш әскери қызметшісі және Қырғызстанның бір жергілікті тұрғыны атылған оқтан ауыр жарақат алуына байланысты наразылық нотасын тапсырды.

Сондай-ақ, болған жағдайға байланысты Қырғыз Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жаныш Рүстенбеков Сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Бұл туралы тәжікстандық «Ховар» агенттігі хабарлады. Елшіге Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қарулы қақтығысқа алып келген Қырғызстан азаматтары мен әскери қызметкерлерінің арандатушылық әрекеттеріне байланысты наразылық нотасын табыс етті.

Онда Қырғыз Республикасының азаматының оқ атуы, сондай-ақ қырғыз шекарашыларының кейінгі әрекеттері, Тәжікстан шекара бөлімшелерін кек қайтару шараларын қабылдауға мәжбүр еткені туралы айтылған.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия