jasqazaq.kz

Қырғыз-тәжік шекарасында жаппай қақтығыс басталды

18 желтоқсан 2019, 23:58

Қырғыз-тәжік шекарасында қақтығыс! Қырғызстан бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, жанжал Дахма өлкесіндегі тізімге енбей қалған жерге байланысты туған. Екі күн бұрын Тәжікстан тарапы сол аумаққа қақпа орнатпақ болады. Көршілерінің бұл әрекеті қырғыздардың ашуын туғызған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Бүгін таңертең екі елдің шекара тұсында тұратын 200-ге тарта адамның арасында жаппай қақтығыс басталды. Жұрттың ашуға булыққаны соншалық, бір-біріне тас лақтыра жөнелген. Жағдай ушыға түскен соң, Қырғызстан мен Тәжікстанның шекара қызметтері, билік өкілдері мен құқық қорғау органдары келіссөз жүргізе бастады. Сол кезде тәжік тарапынан оқ атылып, айыр қалпақты ағайынның бір шекарашысы жараланған. Ал тәжіктер 5 тұрғынның зардап шеккенін айтуда. Қазір келіссөз уақытша тоқтатылып, екі елдің билігі тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал әскерилер шекара аумағын қатаң бақылауда ұстап отыр.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық