jasqazaq.kz

Қырғыз-тәжік шекарасында тағы да қақтығыс болды

26 қазан 2020, 10:56

Қырғыз-тәжік шекарасында тағы да қақтығыс болды, — деп хабарлайды РИА Новости.

Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара әскерлерінің баспасөз орталығының мәліметінше, 25 қазанда Тәжікстанның Исфарин ауданындағы Ходжаи Аъло ауылының тұрғындары ауыл ішінде ескі су құбырларын алмастырған, бірақ бұл уақытта 25-30 қарулы қырғыз шекарашылары тұрғындардан жұмысты тоқтатуды талап етіп, «бұл жер даулы аумақ екенін айтып, халыққа атыс қаруынан оқ жаудырған».

«Ходжай Аъло ауылының тұрғындары қырғыз шекарашыларының атысынан зардап шеккен жоқ. Қақтығыс болған жердегі жұмыстар уақытша тоқтатылды», — деп хабарлады баспасөз орталығы.

Қырғызстанның шекара қызметіндегілер 24.kg басылымына бұл қақтығыс шамамен 16.45-те Баткен ауданының Уч-Добо аймағында болғанын айтқан. Тәжікстандықтар онда су құбырларын сала бастаған.

«Оқиға орнына келген Қырғызстанның шекара жасағы мемлекеттік шекараға жатпайтын учаскеде жұмысты тоқтатуды талап етті. Алайда Тәжікстан азаматтары талапқа бағынбай, онда дау шыққан. Әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау, сондай-ақ оқиғаның ушығуына жол бермеу үшін Қырғызстан шекарашылары әуеге ескерту оқ атуға мәжбүр болды. Қазір жұмыстар тоқтатылды», — дейді ведомстводағылар.

Тәжікстан мен Қырғызстан шекарашылары арасында екі елдің атқарушы билік органдары өкілдері келіссөздер жүргізіп жатқаны айтылады.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия