jasqazaq.kz

Қырғыз тауында көшкін жүрді (видео)

15 қыркүйек 2020, 15:49


Қырғызстандағы Дыйкан – Кара-Кече тасжолында Кара-Кече тауында көшкін жүрді.

Бұл туралы  «ҚазАқпарат» Қырғызстанның көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. «Көшкін Кара-Кече өзенінің арнасын жауып, электр желілерін қиып кетті. Осы учаскедегі Дыкан – Кара-Кече тасжолын жауып тастады. Джумгал ауданының азаматтық қорғау комиссиясының шешімі бойынша жол осы учаскеден өту қаупіне байланысты уақытша жабылды» делінген хабарламада. Оқиға орнында азаматтық қорғаныс жөніндегі комиссия жұмыс істеп жатыр. Кабар агенттігіне Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Нарын облысының Дыкан – Кара-Кече тасжолында көшкін салдарынан қаза тапқандар жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараты бойынша, таспен түскен жер массасының көлемі шамамен 900 мың шаршы метрді құрайды.

https://www.youtube.com/watch?v=BTPTxukghD8&feature=youtu.be

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия