jasqazaq.kz

Қырғыз шекарашылары Қазақстан азаматын атып өлтірді

24 қантар 2019, 12:19

Қырғызстан шекарашылары қос мемлекеттің шекарасын бұзған Қазақстан азаматын атып өлтірді.

23 қаңтарда үш адам он жылқыны Қырғызстаннан Қазақстанға айдап өтпек болған. Қырғызстанның шекара жасағы оларды «Жасөркен» шекара заставасының учаскесі алдында ұстауға тырысты.

Тәртіп бұзушылар қарсылық көрсетіп, суық қару қолданды, делінген ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдемесінде.

«Бұл жағдайда қырғыз шекарашылары қару қолданған. Салдарынан құқық бұзушылардың бірі оқ жарақатын алды. Қалған екеуі аттармен бірге қашып кетіп, Қазақстан аумағында жасырынып жүр», — деп мәлімет берді ҰҚК.

Жарақат алған қазақстандық Талас ауылындағы ауруханаға апара жатқан жолда қайтыс болды. Ол бұрын Қылмыстық кодекстің 392-бабы бойынша сотталған еді (Қазақстанның мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту).

Тараз шекара жасағы құқық бұзушылар мен жылқыларды іздеп жатыр.

Шекарадағы қақтығыстар

Қазақ-қырғыз шекарасында заңсыз мал айдаушылар мен шекарашылар арасында қақтығыс жиі болып тұрады. 2017 жылы маусымда 15 адамнан тұратын топ шекара қоршауын тесіп жатып ұсталған, олар қазақстандық шекарашылардың талаптарын орындамай, шабуыл жасайды. Әскерилер қару қолданып, оқ атуға мәжбүр болған. Шекара бұзушылардың бірі — Қазақстан азаматы жарақат алып, қаза тапты.

sputniknews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде