jasqazaq.kz

Қырғыз, Ресей нөмірлі көлік иелеріне ескерту жасалды

15 қазан 2021, 13:07

Сенімхат бойынша немесе сақтандыру бойынша шетелдік тіркеуі бар, сондай-ақ Қазақстанға әкелінген және пайдаланылып жүрген автокөлік иелері үшін белгілі бір тәуекелдер бар екенін Жамбыл облысының полиция департаменті еске салады.

Негізгі қауіп – қылмыстық қудалау шеңберіне түсу қаупі. Автокөлік сатып алушыдан құжаттардың түпнұсқалығын тексеруге, сондай-ақ көліктің ұрланғанын немесе қамауға алынғанын білуге мүмкіндік жоқ.

Мұнда келесі салдар болуы мүмкін – көлік құралын алып қою, қылмыстық іс қозғау, нәтижесінде қаржылық шығындар және көлік құралынан айыру.

Сенімхат бойынша немесе сақтандыру бойынша сатып алынған автомобильді меншік иесі көлік салығын төлеуден жалтару үшін оны тіркеген елде кез келген уақытта есептен шығара алады.

Бұл автомобильдің қазақстандық иесінде тәуекел туындайды, өйткені ЖКО жағдайында сақтандыру компаниялары тиісті ақшалай өтемақы төлеуден бас тартады.

Нәтижесінде, сенімхат немесе шетелдік тіркеудегі автомобильдерді сақтандыру арқылы сатып алу біздің азаматтар үшін елеулі тәуекелдерге әкеп соғады.

Осыған байланысты осындай көлік құралдарын сатып алу кезінде аталған тәуекелдерді ескеруді және мәмілелерді қатаң түрде заңнамаға сәйкес жасауды ұсынамыз.

zakon.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия