jasqazaq.kz

Қырғыз-қазақ шекарасында тағы кептеліс (видео)

13 қараша 2020, 11:00

Қырғыз-қазақ шекарасындағы «Ақ-Тілек-Автодорожный» бақылау-өткізу пунктіне жүк көліктерінің ұзын-сонар кезегі пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы 24.kg ақпараттық агенттігіне бірнеше шақырымдық кептелісте қалып қойған жүк көлігі жүргізушілерінің бірі хабарлады.

300-ден астам жүк көлігі шекара бекетінен өту үшін кезекте тұр.

— Біз бір тәулікке жуық тұрдық, ауысым жоқ. Бізге не болғанын ешкім түсіндірмейді. Ешкім кептеліс кімнің кінәсінен болғанын айтпайды. Бұл арада сағат 14: 00-ден бастап жүрмін және жылжысақ, 100 метр ғана жүреміз. Кезектің соңындағылар биліктің назарын аудару үшін еріксіз Бішкек-Торугарт жолын жауып тастауға дайын. Бұл — барып тұрған бассыздық. Көбінің жүк машиналарында тез бұзылатын тамақ өнімдері бар, — деді ауыр жүк көлігінің жүргізушісі Юрий Иванов.
Қырғыз-қазақ шекарасындағы кептеліс жүргізушілердің коронавирусқа арналған ПТР-анықтамасының бар-жоғын тексеруден туындаған болып шықты.

Қазақстан Республикасының бас санитарлық дәрігерінің бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағына кіретін жүргізушілердің жанында коронавируспен ауырмағандығы туралы анықтамасы болуы керек. Бұл ереже республикада транзит арқылы жүретіндерге қолданылмайды. Санитарлық-эпидемиологиялық бекетте шекарадан өту үшін қажетті медициналық құжаттары жоқтар ғана ұсталады. Сағат 23.15 уақыты бойынша «Ақ-Тілек-Автодорожный» бақылау-өткізу бекетінде 110-ға жуық көлік жиналды, — деп хабарлады ведомствадағылар
Шекара қызметі жүргізушілерге шекарадан өтудің жаңа ережелері туралы бірнеше рет ескертілгенін атап өтті.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия