jasqazaq.kz

Қырғыз депутаты 12 жылға сотталуы мүмкін

03 сәуiр 2019, 13:41

Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында арнайы операция барысында ұсталған Қырғызстан Жогорку Кенешінің бұрынғы депутаты Дамирбек Асылбекұлының ісі бойынша жарыссөздер өтіп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Сот алдында Дамирбек Асылбекұлымен бірге тағы 11 адам жауап беруде. Оларға экономикалық контрабанда жасады деген айып тағылуда. «Дамирбек Асылбекұлын ҚР ҚК 264-бабының 1-бөлігі, 234-бабының 3-бөлігі бойынша айыпты деп тауып, жазасын қауіпсіздігі жоғары түзеу мекемесінде өтеумен 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын. Жазасын өтеп болған соң елден шығарылсын», — деді прокурор. «Жапбасовтықтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының серкесі саналатын Есбол Жапбасовты мемлекеттік айыптаушы 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Еске салайық, ағымдағы жылдың ақпан айында ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында арнайы операция өткізіп, 30-дан астам адамды ұстады. Олардың арасында кеден органының, шекара қызметінің лауазымды тұлғалары, брокерлер, делдалдар, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері бар. Үшеуі Қырғызстан азаматы. Оның бірі — Қырғызстан Жогорку Кенешінің депутаты Дамирбек Асылбекұлы. Кейін анықталғандай, Дамирбек Асылбекұлының Қазақстан азаматтығы бар. Бұл ретте, сотталушының өзі Қырғызстан азаматы екенін атап өтуде. Оны қамауда ұстау мерзімі бұған дейін 8 айға созылған болатын. Мәлім болғандай, трансұлттық ұйымдасқан топ 2017 жылғы 1 желтоқсаннан 2018 жылғы 15 ақпанға дейін ірі және аса ірі көлемдегі халық тұтынатын тауарларды (жалпы құны 407 558 653 теңге) контрабандалық жолмен ҚХР-дан Қырғызстан арқылы Қазақстан Республикасына бірнеше мәрте жеткізген. Салдарынан ЕАЭО бюджетіне 99 015 094,2 теңге сомасында кедендік баж салықтары мен міндетті төлемдер түспей қалған. Мұнымен ЕАЭО-ға қатысушы елдерге аса ірі сомада экономикалық залал келтірілді. Іс материалдарына қарағанда, қылмыстық топқа басшылық жасаған Дамирбек Асылбекұлы оның мүшелерінің әрбіріне нақты тапсырмалар беріп отырған. Қылмыстық іс 126 томнан тұрады. Іс бойынша Дамирбек Асылбекұлымен бірге тағы 11 адам сотталып жатыр, 70 адам куәгер ретінде көрсетілген. Айта кетейік, сот процесіне Қырғызстан Парламентінің мүшелері тыңдаушы ретінде қатысты.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда