jasqazaq.kz

Құрбысының рухы түсіне кіріп, мазалаған

17 мамыр 2019, 14:21


Оралдық Маржан есімді бойжеткен осыдан бірнеше жыл бұрын құрбысының өз-өзіне қол жұмсағанын айтып, мұңын шақты. Алайда жаны тыныштық таппаған марқұм аруға да тыным бермеген ұқсайды. Бойжеткеннің түсіне кіріп, оны өзімен бірге алып кетуге уәде берген құрбысының сөзі қызды шошытқан.  

Құрбысының жауапсыз махаббаттан көз жұмғанын айтқан бойжеткен оның өліміне өзін кінәлі сезінетінін жасырмады.  «Менің құрбым Марал сүйіктісінің опасыздығына шыдамай өзіне қол жұмсады. Ол Ағлан есімді жігітпен кездесіп жүрген кезде, оның басқамен көңіл жарастырғанын білді.
Сатқындықты көтере алмаған құрбым тамырын кесіп, жуынатын бөлмеде ұйықтап қалған. Қыздың денесін анасы тауып алған.      Құрбымның өмірден озғанын естіп, қайғыдан құса болдым. Оған дер кезінде қолдау көрсетпегенім үшін жылдар бойы өзімді жазғырдым», — дейді бойжеткен.
Сондай-ақ, ол соңғы кездері түсіне құрбысының жиі кіретінін айтты. Оның сөзінше, марқұм ару Маржанды сағынғанын, ең жақын құрбысымен бірге болғысы келетінін айта бастаған екен.   «Бірнеше жыл өткеннен кейін Марал түсіме кіре бастады. Бірде ұрысып, бірде жылап, әлдебір ренішін айтып жатты. Менің қазіргі өмірім жайлы сұрақтар қойып, болашағымды болжап отырды.
Уақыт өте ол ашуланып, мені өзімен бірге алып кететінін айтып, әлдебір мазарды көрсете берді. Мен есімнен ауысуға шақ қалдым. Жағдайымды көрген анам мен сүйіктім істі қолға алу керек екенін түсінді» — деді кейіпкер.
Тығырыққа тірелген ару жындыханадан бір-ақ шыға жаздаған.
«Балгерлер мен емшілерге барғаныммен түк шықпады. Марал түсіме кіріп, одан сайын ашулана бастады. Бірде ол жерленген жерге барып келуді жөн көрдім. Содан кейін жеңілдеп қалдым. Шынымды айтсам, Марал да келуін сиретті. Мен ол жатқан жерге жиі барып тұруға уәде бердім. Қазір құрбым түсіме мүлде кірмейді», — деп жан сырын ақтарды бойжеткен.

alashainasy.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда