jasqazaq.kz

Құрбысының көңілдесін аяусыз өлтірген әйел тоғыз жылға сотталды

06 тамыз 2021, 12:40

Қостанайда құрбысының көңілдесін аяусыз өлтірген әйел тоғыз жылға сотталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қайғылы оқиға 2021 жылы 28 сәуірде орын алды.

Ер адам мен сүйіктісі дастарқан басында «тойлатып» отырып, сөзге келіп қалады. Көз жасына ерік берген құрбысына жаны ашыған әйел еркектің жанын шығармақшы болады. Сол кезде әйелдің қолына ас пышағы түседі, ашуланып жатын бөлмеге кеткен ер адамның артынан ілесе барады. Ол бар күшімен серпіліп, ер адамның жон арқасына пышақ қадайды. Салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды, — дейді оқиғаның мән-жайы туралы облыстық ПД.
Облыстық сот анықтағандай, сотталушыға салынған қасақана кісі өлтіру айыбы сотталушының мойындау куәліктерімен, куәлардың айғақтарымен және қылмыстық істің тергеу материалдарымен, соның ішінде жүргізілген сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен дәлелденді.

Сот оны кісі өлтіргені үшін 9 жылға бас бостандығынан айырды. Зардап шеккен тарапқа моральдық зиян үшін 3 миллион теңге және 221 500 теңгенің материалдық шығынын өндіріліп алынды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия