jasqazaq.kz

Құрбан айтта Алматының орталық мешітінде спартакиада өтеді

06 шiлде 2022, 11:06

Құрбан айт мерекесінде Алматының орталық мешітінде «Асыл мұра» бағдарламасы аясында шаһар тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени және спорттық шара өтеді. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

«Шараға қатысушыларды арқан тарту, асық ату, армрестлинг, гір тасын және қошқар көтеру секілді сынақтар күтіп тұр», — деп хабарлады Алматы қалалық дін істері жөніндегі басқармадан.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар ұсынған бағалы сыйлықтармен марапатталады.

«Ұлттық мұра» бағдарламасы аясында ұйымдастырылатын спорт шарасының негізгі мақсаты – мешіт жамағаты арасында дене шынықтыру мен спортты, салауатты өмір салтын насихаттау. Сонымен қатар, Исламның дәстүрлі емес ағымының жетегінде жүрген жандарға асыл діннің оң жолын көрсету арқылы оларды бауырға тарту», — деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Құрбан Айт — мұсылмандардың ең маңызды мерекелерінің бірі, ол Ораза аяқталғаннан кейін 70-күні тойланады. Осы жылы Құрбан айт шілденің 9-ы күні басталып, үш күнге жалғасады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде