jasqazaq.kz

Құрамында спортшылар бар қылмыстық топ ұсталды

14 шiлде 2021, 11:04

Атырау облысында ҰҚК, прокуратура және полиция қызметкерлері спортшылар мен деструктивті діни ағымды ұстанушылардан құралған ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтады. Бұл туралы  ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz  хабарлайды.

5 шілдеде ҰҚТ-ның 4 белсенді мүшесі ұсталды. Олардың және жақын таныстарының тұрғылықты жерлерінен 3 әртүрлі қару мен оқ-дәрілер, сондай-ақ олардың қылмыстық әрекеттерін растайтын материалдар (чектер, журналдар, банк карточкалары) табылып, тәрікіленді.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, топ мүшелері ұзақ уақыт бойы бағдарлық такси жүргізушілерінен («Атырау-Орал-Атырау»), оның ішінде күш қолдану арқылы қорқытып, ақшалай қаражат бопсалап отырған.

Осы факт бойынша ҚР ҚК-ның 194-бабының 2-бөлігі («Бопсалау») бойынша соталды тергеу басталған. Топ жетекшісі тергеу изоляторына қамалып, қалғандары ешқайда кетпеу туралы міндеттеме алған.

Жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия