jasqazaq.kz

Құрамында алтыны бар 10 тонна кенді шекара асырмақ болды

29 шiлде 2020, 12:25

Еліміздің аумағынан құрамында алтыны бар 10 тонна кенді жасырын алып өтпек болғандар ұсталды. Олар кенді Ресейге өткізбек болған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

27 шілдеде ҰҚК Шекара қызметінің Қостанай облысы бойынша департаменті «Қайрақ» өткізу пунктінде жүк көлігін тексерген. Автокөлік Нұр-Сұлтаннан Ресейдің Челябі облысына бара жатқан.

«Тексеріс барысында көліктен құрамында алтыны бар кен анықталған. Олар 12 қапта сақталған. Жүктің жалпы салмағы 12 тонна. Құжат бойынша құрамында алтыны бар кен «кварцит» деп рәсімделген. Мамандардың пікірінше, құрамында алтыны бар 1 тонна кеннен 1 келі таза алтын алуға болады.

Ұлттық банктің мәліметінше, 1 грамм алтынның бағасы 25 213 теңге. Алдын ала мәліметке сәйкес, тәркіленген өнімнің бағасы шамамен 250 миллион теңге», — делінген хабарламада.

Тәркіленген тауар процессуальды бағалау жүргізу үшін Қостанай облысы мемлекеттік кірістер департаментіне жіберілді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде