jasqazaq.kz

Құралай Ошақбаева: «Қатын құтырса, ұрпақ құриды, гейлер қаптайды»

04 қазан 2019, 13:19

Құралай Ошақбаева қазіргі таңда телеарнадағы қызметінен бөлек, қыз-келіншектерге өмірлік кеңес беріп, сабақ өткізуден алдына жан салмай тұр. Оның айтуынша, жас қыздар маугли болып кетпеу үшін өзі секілді тәтелер керек екен. Бұл туралы ол инста парақшасында жазды. Бұл туралы Stan.kz хабарлады.

Өзін қазақ қыздарын тәрбиелеуші ретінде таныстырған ол, бұған толық қанды құқығы бар екенін айтады.

«Артымнан ерген сіңілілеріме, аузымды толтырып, айқайлап тұрып айтуға, толық қанды, рухани, әлеуметтік, саяси, тағы қандай дейсіз барлық құқығым бар», — дейді ол.

Бұдан бөлек оқырмандарынан өзін сынай бермеуін, керісінше, жас келіндерге өзінің жазбаларын оқысын деп ақыл-кеңес берін сұрады.

«Себебі, үйде сіз жеткізе алмаған әңгімені, мен жетесіне жеткізіп тұрып айтып беремін! Бір құлағынан кіріп, екіншісінен ақса да, кішкене бөлігі қалады», — дейді Құралай ханым.

Құралай ханымның қыз-келіншектердің тәрбиесіне білек сыбана кірісуіне әйелдердің құтыруы себеп болған.

«Әй, дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ, қатын құтырған заман қәзір.
Қатын құтырса, ұрпақ құриды. Гейлер қаптайды.
Қоғам бүлінеді. Жастар үйленбей, бұзылып өмір сүреді», — дейді тренер-коуч.

«Отбасы институтын сақтап қалуымыз керек! Бізге мықты ұрпақ керек! Оны тәрбиелейтін біз әйелдер! Сондықтан бүгіннен бастап Қазақ келіндерін жақсылыққа жетелейтін, өзін өзі тәрбиелейтін, бақытқа байлыққа құштар келіндер одағын құрамын», — деген ол енді өзін ешкім тоқтата алмайтынын ескертті.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда