jasqazaq.kz

«Құны жоқ» 2 миллион теңгенің сертификаты: әкімдік түсінік берді

16 наурыз 2021, 16:30

Ақтөбе облысының әкімдігі көпбалалы анаға берілген 2 миллион теңгенің «құны жоқ» сертификатына қатысты түсініктеме берді.

Әкімдік мәліметінше, көпбалалы ана Айсұлу Құздыбаеваға сертификат 1 наурызда Алғыс күнінде өткен шарада Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында берілген.

«Облыс әкімі Қазақстан халқы Ассемблясының төрағасы ретінде ЭКО басшылығының атынан жалғызбасты ана С.Қалиеваға 100 мың теңгенің сертификатын, «Динар-Электромаш» ЖШС атынан 18 баланы асырап алған Жетесовтер отбасына 350 мың теңге, Әзербайжан қауымдастығы жастар қанатының атынан Айсұлу Құздыбаеваға үйінің жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жиһаз сатып алуына 2 миллион теңгенің сертификатын берді», — дейді әкімдік өкілдері.

Әзербайжан қауымдастығы жастар қанатының өкілдері қайырымдылық жұмыстары туралы өздері ұсыныс жасап, облыс әкімінен Ақтөбе облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілі ретінде сертификат ұсынуды сұраған.

«Одан бөлек, Айсұлу Құздыбаеваға екі миллион теңгенің сертификаты жөндеу жұмыстары мен жиһаз сатып алуға жұмсалып қойғаны түсіндірілді. 1 наурызда Айсұлу Құздыбаеваның үйінде жөндеу жұмыстары аяқталып, жиһаз да бірден әкелінген болатын. Бүгінде түсіндіру жұмыстарынан кейін Айсұлу Құздыбаеваның әкімдікке ешқандай шағымы жоқ», — деп түсіндірді әкімдіктегілер.

Tengrinews.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия