jasqazaq.kz

Қымбат көлікпен келді

28 тамыз 2019, 13:25

Lexus-тың соңғы моделін мініп келген ер адам өз баласына қайырымдылық көмек алып кеткен, деп хабарлайды Pavon.kz.

«Біз жыл сайын «Қайырымдылық портфелі» акциясын өткізіп тұрамыз. Оны өткізсін деп ешкім айтқан жоқ. Өзіміз арнайы жиналыста осындай шешімге келдік. Мектепке қажетті заттарды өз ақшамызға сатып аламыз. Кәсіпкерлер де көмектесіп отырады. Адамдар өз еркімен қолдау көрсетеді. Өйткені олар осы көмектің мұқтаж адамдарға жететінін біледі», — деп жазды еріктілер Instagram-дағы @club_dobryakov_pavlodar парақшасында.

Олардың айтуынша, биыл балаларды мектепке дайындау жағынан қиналған 300-ге жуық отбасы клубтың көмегіне жүгінген. Бәріне қайырымдылық портфелі таратылды. Ішінде кеңсе тауарлары, дәптер және тағы басқа қажетті заттар бар. Ал артық қалған портфельдерді әлеуметтік педагогтар ұсынған қосымша тізім бойынша таратылады.

Дәл осы тізім енген баланың әкесі портфельді алып кетуге келген. Анықтамаға сәйкес, ата-аналардың жалақысы — 31 мың теңге, мемлекеттен тағы 25 мың теңге алып тұрады. Отбасы көпбалалы және мұқтаж азаматтар қатарына кіреді.

«Алайда үйдің отағасы Lexus-тың соңғы моделін мініп жүретін болып шықты. Біз оны өз көзімізбен көрдік. Қайырымдылық портфелін қымбат көлігіне салып алды. Не деген бетсіздік десеңізші!», — дейді еріктілер.

Қоғамдық қордың мүшелері балаларына зардабы тимесін деп, отбасының жеке мәліметін жариялаған жоқ. Бірақ ондай жағдай адамның көңілін қалдыратынын жеткізді. Себебі қайырымдылық портфелін шынымен де мұқтаж отбасыға беруге болатын еді.

Оқиға желіде қызу талқыланып жатыр. Біреулер Lexus-пен келген ер адамның аты-жөнін жариялауды талап етсе, енді бірі оның көлікке осындай жолмен ақша тапқанын жазады.

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты