
Алматының Әл-Фараби даңғылында кешкі сағат 22:00 шамасында жол ережесін бұзған Mercedes маркалы автокөлігі тоқтатылды деп хабарлайды inalmaty.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
«Әл-Фараби даңғылының батыс бағытында қатты жылдамдықпен жүріп келе жатқан Mercedes автокөлігі тоқтатылды. Ол өз әрекеттерімен жолда келе жатқан басқа көліктерге апаттық жағдай қалыптастырған. 1998 жылы туған көлік жүргізушісіне төрт әкімшілік хаттама толтырылды.
Арнайы айыппұл тұрағына апарылған оның көлігінен екі жалған нөмір шыққан. Автомобиль иесі бұл нөмірлерді Ресей Федерациясынан алғанын жеткізіпті», — деп хабарлады Алматы қаласының әкімшілік полиция Басқармасының басшысы, полиция полковнигі Жандос Мураталиев.
Әкімшілік полицияның хабарлауынша, Әл-Фараби даңғылында жол ережесі бұзған басқа жүргізушілерге жеті әкімшілік хаттама толтырылыпты.