jasqazaq.kz

Құмар ойынын ұйымдастырушы сотталды

12 сәуiр 2019, 11:46

Сотталушы құмар ойын бизнесін жеке кәсіпкер ретінде тіркелу арқылы жүзеге асырып келген. Бұл туралы қалалық Прокуратураға сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Қалалық прокуратураның дерегіне сүйенсек, соңғы үш жылда елордаға ҚР Бас прокуратура арқылы шетелден 11 азамат экстрадицияланды (Ресей, БАӘ, Өзбекстан, Әзербайжан, Украина, Армения) оның 10-на үкімі шықты және біреуінің ісі сотта қаралуда. «Үстіміздегі жылдың 15 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласы №2 Сарыарқа аудандық соты ірі көлемдегі кірісі бар заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастырған (ҚК 307-бабынің 3-бөлімі 2-тармағына сәйкес) Б.Е. Атабаев 4 жылға бас бостандығынан айырды», — делінген қалалық прокуратураның хабарламасында. Хараламада айтылғандай ол Қазақстанда казино жұмысын жүргізуге тыйым салынғанына қарамастан (Алматы облысы Қапшағай су қоймасының жағалауы мен Ақмола облысы Щучинск ауданын есептемегенде) 2016-2017 жылдары К.Парфенов, Е.Мальцев және тағы басқа азаматтармен табыс табу мақсатында елордада 47 ойын терминалын орнатып, құмар ойынын кәсіп еткен. «Өз кәсібін заңды түрде жүзеге асыру үшін қалалық салық басқармасында «Куликова И.А» атауымен тіркелген жеке кәсіпкерлік арқылы жұмыс істеген. Мамандар жасаған қорытындыға сәйкес, барлық терминалдарға онлайн-казино ойындары орнатылған. Ойын автоматтары арқылы қабылданған және берілген қаражаттың жалпы сомасы 17,5 млн теңгені құрайды», — деп хабарлайды прокуратура. Қылмыстық органдардың құрығынан қашып жүрген Б.Е. Атамбаевқа халықаралық іздеу жарияланды, араға 3 ай уақыт салып ол Өзбекстан аумағында ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды. Сонымен қатар оның сыбайластары да бұрын қалалық соттың үкімімен әртүрлі мерзімге бас бостандықтарынан айрылған.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда