jasqazaq.kz

Құмар ойынға әуес адамдар өз-өзіне арыз жаза алады (видео)

14 мамыр 2020, 13:14

Казино, букмекерлік кеңселерден шықпайтын қазақстандықтарды бұл жаман әдетінен туыстары құтқара алады. Мәжіліс депутаттары ойын бизнесі туралы заң жобасымен де танысты. Құжатты төменгі палатадағыларға Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова таныстырды.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Оған сенсек, құмар ойындарға әуес адам бұл теріс қылығымен күресуге әлі жетпесе өзіне өзі арыз жаза алады. Бұл бір тұтам қағаз кейіннен оны казинодан шектеп, еш ұтыстарға қатыстырмауға да қауқарлы. Ал, егер бәс тігуге құмар адам өз әлсіздігін мойындамаса, туыстары құзырлы органға дәл осы өтінішін беріп, жақынын қыруар қаржы жоғалту мен қарызға батудан құтқара алады екен. Сондай-ақ заңжоба аясында тігілген бәсті есепке алу орталығы құрылмақ.

Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

«Онда букмекерлік кеңсеге қолма-қол немесе электрондық төлем жүйелері арқылы түсетін барлық түсімдер ескерілетін болады. Букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар барлық түсімдердің бірыңғай есебі көлеңкелі айналымды болдырмауға, салықтардың жиналуын арттыруға, бақылауды жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа бәс тігуге қатысушылардың деректер қоры, жалпыға бірдей декларациялауды енгізуді, бәс тігуге қатысатын клиентті шектеу және клиенттің өзін-өзі шектеу рәсімін енгізуге ықпал ететін болады».

Айта кетейік, еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі құмар ойындарды дерт деп таныпты. Сондықтан алдағы уақытта қалалардағы барлық букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар ойын аймақтары саналатын Ақмола облысындағы Бурабай курорты мен Алматы облысындағы Қапшағай қаласына көшірілуі мүмкін. Заң жобасындағы өзгерістерді мәжілістегілер құптап, құжатты бірінші оқылымда мақұлады. Енді ол сенатқа жол тартпақ.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия