jasqazaq.kz

Құлыптанбаған есік үшін ағасын өлтірді

10 маусым 2020, 16:45

Батыс Қазақстан облысында есікті құлыптауға ұмытып кеткені үшін ағасын өлтірген айыпталушыға сот үкімі шықты.

Іс облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «TrueConf» мобильдік бейнебайналыс жүйесі арқылы қаралды.

Сот талқысында белгілі болғанындай, биылғы 6 ақпан күні сағат 14.00 шамасында В.Панкратов Н.Назарбаев даңғылы 244/1-үйдегі өзінің 141-пәтерінде ағасы Ю.Недобитко және көршісі А.Сарминмен арақ ішкен.

Спирттік ішімдіктер біткен соң, сағат 16.30 шамасында Ю.Недобитко мен А.Сармин шығып кетіп, В.Панкратов үйінде қалады. Кейін 17.00 шамасында ағасы қайта кіріп, кіреберіс есіктің ілмешегін жаппаған. Осыдан ағайындылар арасында ұрыс-керіс туындап, соңы төбелеске ұласқан. Ақыры ас бөлмесінен пышақ алған В.Панкратов Ю.Недобитконың кеудесіне кемінде үш мәрте соққы жасаған. Марқұм сол жерде жан тапсырған.

Судья Шара Зайнуллина мәлім еткендей, В.Панкратов ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігіне (адам өлтіру) сәйкес айыпты деп танылды.

Сотталушы кінәсін толығымен мойындады. Ол 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге сотталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

ҚазАқпарат

13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі