jasqazaq.kz

Құлсарыда жанып жатқан үйден 26 адам құтқарылды

07 қыркүйек 2018, 16:25


Құлсары қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, 26 адам құтқарылды. Олардың арасында 7 бала бар.

Baq.kz хабарлағандай, Атырау облысы ТЖД-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 6 қыркүйек күні сағат 01:23-те Құлсары қаласындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің диспетчер қызметіне №2 шағын аудандағы №35 бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатынан түтін шығып жатқаны туралы хабар түскен.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына шұғыл жетіп, №35 тұрғын үйдегі пәтердің 21 шаршы метрін қызыл жалын шарпығанын анықтаған. Салдарынан түтін жоғары қабатқа тараған. Мамандар аталған тұрғын үйдегі 26 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Олардың 6-сы балалар», — делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге 10 маман 2 арнайы техника жұмылдырылған. Олар қызыл жалынды толығымен түнгі сағат 02:20-де сөндірген. Өрттен ешкім зардап шекпеген.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді