
Дәрігерлердің айтуынша, 21 жұмысшы амбулаториялық ем алуға жіберілген, қалған төртеуі ауруханаға жатқызылды.
Sputnik хабарлағандай, Теңіз ауылында «ЮлмарСервиз» ЖШС-нің 25 жұмысшысы кешкі астан кейін өздерін нашар сезінген. Олар улану белгілерімен Құлсары орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.
Медициналық қызметкерлер хабарлағандай, науқастардың 21-ін дәрігерлер қарап, амбулаториялық ем алуға жіберген, қалған төртеуі ауруханаға жатқызылды, – деп хабарлайды «Ақ Жайық» басылымы.
Қазір науқастардың жағдайы бір қалыпты. Улану себебі сараптама нәтижесінде белгілі болады, – деді аудандық аурухананың бас дәрігері Зылиха Құлғазиева. Бұдан бұрын Қарағанды облысы Абай қаласында жаппай улану жағдайы болған еді. Ол кезде дөнер жеп уланған 12 адам медициналық көмекке жүгінген.