jasqazaq.kz

Қылмыстық топтың құрамында болған әйел ұсталды

21 қантар 2021, 16:39

Алматы облысында жас келіншек қылмыстық топ құрамына кіріп, үйлерді тонаған. Күдіктіні қолға түсіру үшін оған іздеу жариялауға тура келген. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Ведомствоның дерегінше, өткен жылдың сәуір айында Қарасай ауданындағы жеке секторда төрт пәтер ұрлығы жасалған. Тәртіп сақшылары төрт адамнан тұратын ұрылар топбын әшкерелеген. Топ құрамында Райымбек ауданында тұратын 30 жастағы келіншек те бар. Барлығы қолға түскен. Бастапқыда әйелге бас бостандығынан айырумен байланысты емес бұлтартпау шарасы таңдалған. Алайда 2020 жылдың қазанында Қарасай аудандық соты оны қамауға алу туралы үкім шығарған. Күдікті процесске келмегендіктен, оған іздеу жарияланған. Жас келіншек 2021 жылдың 20 қаңтарында Алматыдағы көлік жуу орындарының бірінде қолға түскен.

Күдіктінің сөзінше, ол осы уақытқа дейін мегаполисте жасырынып, әртүрлі жалдамалы пәтерде тұрып келген. Еске сала кетсек, Орал тұрғынын түнгі клубта танысқан ару сыбайластарымен бірге өлімші етіп сабап, бір миллион теңгеге «отырғызып» кеткенін жазған едік. Белгілі болғандай, клубта жігітпен танысқан бойжеткен екі сыбайласымен бірге оралдық азаматты тонап кеткен. Олар жігітті аяусыз соққыға жығып, үйдегі бағалы заттардың бәрін алып кеткен. Тәртіп сақшыларының айтуынша, келтірілген шығын 1 миллион теңгеге жетеді екен. Үйдегі ноутбук, алтын әшекей сияқты бағалы заттар қолды болған.

nur.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде