jasqazaq.kz

Қылмыстық топ құрған полиция басшылары сотталды

11 қараша 2019, 14:24

Шымкентте бұрынғы полиция қызметкерлері әртүрлі мерзімге сотталды. Бір жарым жылға созылған сот отырысына бүгін нүкте қойылды.

Сотта қылмыстық топ ұйымдастырды деп айыпталған Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД Әкімшілік полициясы емтихан-тіркеу басқармасының бұрынғы бастығы Артық Жаппаров 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы алты полицей 10 жылдан жаза арқалады. Өзге айыпталушыларға 8 жыл, 6 жылдан жаза тағайындалды. Тағы 23 адамға әртүрлі мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы белгіленіп, олар сот залынан босатылды. Оның бесеуі — бұрынғы полицейлер. Сотталушылардың шенін алып қойды, сондай-ақ олар мемлекеттік қызмет пен ішкі істер органдарында жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды. Босатылғандардың барлығынан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Қылмыстық кодекстің 218-бабы бойынша тағылған айып дәлелденбегені үшін сотталғандар бұл бап бойынша ақталды. Ал ҚР ҚК 369-бабының мерзімі өткен үшін қысқартылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда