jasqazaq.kz

Қылмыстық істі тоқтатпақ болған тергеуші мен адвокат жазаланды

20 ақпан 2020, 14:18

Шымкентте зорлау қылмысын тоқтатпақ болған сыбайлас тергеуші мен адвокатқа ірі көлемде айыппұл салынды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бекайдаров елордада өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

Данияр Бекайдаровтың айтуынша, 2019 жылдың қараша айында Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеуші мен адвокатқа қатысты істі сотқа жолдаған. Нақтырақ айтқанда, қалалық полиция департаментінің Абай аудандық полиция басқармасының тергеушісі І. Төребай және қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Н. Елгонов парақорлық фактілері бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған. «Тергеуші адвокат Елгонов арқылы зорлау фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтатқаны үшін жалпы сомасы 440 мың теңге пара алды деген күдікке ілінген», — деді Данияр Бекайдаров. Оның айтуынша, Шымкент қаласы Абай аудандық сотының үкімімен І. Төребай 13 200 000 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеліп отыр. Ал осы сот Елгоновты делдалдығы үшін кінәлі деп танып, оған 4 400 000 теңге айыппұл салды. Аталған адамдар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия