jasqazaq.kz

Қылмыстық істі ақшаға жаппақ болған шенді сотталды

11 сәуiр 2019, 21:55

Ақтөбеде халықаралық деңгейдегі заңсыз газ тасымалына қатысты қылмыстық істі тергеген басшы сотталды. Мемлекеттік кіріс департаментінің қаржылық тергеу бөлімін басқарған Берікқали Мерей енді бес жылын қоныс колониясында өткізеді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Үкімді тыңдауға тергеу бөліміндегілердің бәрі қалмай келді. Өйткені оларды сабақ болсын деп әдейі шақырыпты. Сотталушы былтыр газ тасымалымен айналысатын компания директорынан 1 миллион 700 мың теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталған. Ол осы ақшаға өзі тергеп жатқан істі жабуға уәде етіпті. Енді сот үкімімен өмір бойына мемлекеттік қызметтің маңайына жолай алмайды. Онымен қоса әріптестерінің көзінше сот залында қолына кісен салынды.

Темірбек Алданов, Ақтөбе қалалық сотының судьясы:

— Берікқали Мерей 5 жылға бас бостандығынан айрылсын. Жазасын қауіпсіздігі ең төмен колонияда өтейді. Өмір бойына мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттің қатысы бар кез-келген компанияда жұмыс істеу құқығынан айырылсын.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда