jasqazaq.kz

Қылмыскерлер адам етінен бәліш жасап сатқан

24 желтоқсан 2018, 11:44

Бразилия соты бұрынғы професор Хорхе Бельтрао Негромонте да Сильвейра мен оның әйелі және көңілдесіне қатысты үкім шығарды. Аталмыш үштіктің қатысы бар жантүршігерлік оқиға осыдан алты жыл бұрын күллі әлемді дүр сілкіндірді. Олар адам етінен бәліш жасап сатқан. 

 NUR.KZ.  жазғандай, сотталушылар 2012 жылы Гараньюс қаласында тұтқындалып, екі әйелдің өліміне күдіктелген болатын. Алайда шындық одан бетер қорқынышты болып шықты.
Анықталғандай, үштік түрлі сылтау бойынша қыз-келіншектерді үйіне шақыртып, артынан олардың өлтіріп отырған. Ең сорақысы, өлі адам етінен қылмыскерлер бәліш жасап сатқан.
Олар бір әйелді оның бір жарым жастағы қызының көзінше өлтірген. Кейіннен бүлдіршінді өз анасының етімен тамақтандырады. Балақайға жаны ашыған отбасы оны, тіпті өз баласы ретінде тәрбиелеп өсірген.
Ұсталғаннан кейін ер адам бұл қыз-келіншектерді «ұрлықшылар мен жаман адамдардың әйелі болғандықтан өлтірдім» деп ақталуға тырысқан.
Хорхе да Сильвейраның өзі мен көңілдесі 71, ал әйелі 68 жылға сотталды. Алайда қылмыскерлер өз кінәсін мойындамайды. Олар бұл әрекетімен қоғамды надандардан тазарттық деп есептейді.

Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер