jasqazaq.kz

Қылмыскер екі өгей қызын өлтіріп, зорлап кетті

21 қыркүйек 2020, 12:09


Ресейдің Рыбинск қаласында 40 жастағы қылмыскер екі өгей қызын өлтіріп, зорлады деп айыпталды. Айыпталушы бұған дейін де бір әйелді өлтіріп, зорлағаны үшін 11 жылға сотталып шыққан.
Виталий Молчанов 2009 жылы Екатеринбургте бір әйелді өлтіріп, денесін азғындағаны үшін 11 жылға сотталды. Түрмеде шыққан соң да бір қызды зорламақ болды. Алайды арам ойын іске асыра алмады.

Түрмеден шыққан соң интернет арқылы Валентинамен танысады. Валентина бірнеше ай бұрын күйеуімен ажырасып кеткен. Ұлы әкесімен кетіп, екі қызын өзімен бірге қалған. Виталий Валентинадан өз үйіне көшіп келуін сұрайды. Бастапқыда екеуі бір айдай бірге тұрады. Кейін екі қызын көшіріп алады.

Қыздардың әкесі олардың Виталиймен бірге тұруына қарсылық білдіргін.

Виталий екі қызға да жақсы қарап, әкесіндей қамқорлық танытады. Кіші қызы оны әке деп атай бастайды.

Жергілікті мектептің біріне қызметке тұрған Валентина сол күні жұмыстан кеш келетінін ескертеді. Ал, көршілері 1-қабаттан қыз балалардың азапты даусын естіп, полиция шақырады. Полиция тез жеткенімен, екі қыздың денесі екі бөлмеде, қан-жоса күйінде табылды. Сараптамада екі қыздың да зорланғаны анықталды.

Виталий бірнеше күні іздеуде болды. Жергілікті билік қылмыскер туралы ақпарат үшін қомақты сыйақы тағайындалды.

Қылмыскер бірнеше күннен соң қаладан 10 шақырым жерден табылды. Ол бар кінәсін мойындады. Қыздарды қалай өлтіргенін, қалай зорлағанын айтты. Бұл іске полицияға деген кекшілдіктен барғанын айтқан. Себебі екі қыздың әкесі полицей екенін білген. Валентинаның бұрынғы күйеуі ІІМ қылмыстық іздеу бөлімінің бұрынғы басшысы еді.

Қылмыстың жоспарлы түрде болғанын, әлде күтпеген жерден болғанын тергеу анықтайды. Оқиға болған күні айыпталушы есін білместей мас болған.

Stan.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия