
Денис Тенді тал түсте көлік айнасы үшін өлтіріп кеткенін мойындаған Нұралы Қиясов оқиғаның қалай болғанын айтып берді.
Тергеу жұмыстарына араласып жүрген дереккөздің айтуынша, Денистің өліміне қатысты ұсталған күдіктінің алғашқы жауабы белгілі болды.
Күдікті деп танылған қос жігіт те көлік ұрысы болған. Олар көліктің Денис Тенге тиесілі болғанын білмеген және адам өлтіреміз деп ойламаған.
Тұтқындалушының айтуынша, Денис көлігінің қасында жүрген күдіктілерді көре сала далаға шыққан. Ұрылардан айналарды тартып алмақшы болып, оларды қорқытып алған. Жас жігіттер Денис арттарынан ермес үшін қолындағы пышағымен спортшыны аяғынан жарақаттаған. Нұралы Қиясов пышақ жарақатын дәлдемей, бас-көзге қарамастан ұра бергенін айтты.