jasqazaq.kz

Қылмыс әлемінің серкесі «Серік-голова» сотталды

18 қантар 2021, 12:58

Қылмыс әлемінде «Серік-голова» лақап атымен танымал Серік Жаманаев 19 жылға сотталды.

Сот үкіміне сәйкес, Серік Жаманаев кінәлі деп танылып, 1,75 миллион теңгесі, 6 мың доллары және қымбат автокөлігі тәркіленіп 19 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Серік-голова» қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде 14 жыл отырады. Содан кейін жазасын 5 жыл толық қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Айта кетейік, мемлекеттік айыптаушы Серік Жаманаевты 262-баптың 2-бөлігі «ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оған басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу», 194-баптың 4-бөлігінің 1-тармағы «адамдар тобы аса ірі мөлшерде күш қолданып жасаған қорқытып алушылық», 106-баптың 3-бөлігі «абайсызда адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша кінәлі деп тануды сұраған еді. Жаманаев 1996 жылы Ресейдің Сочи қаласында «вор в законе» деген мәртебе алған. Ол өткен жылдың ақпанында ҰҚК мен ІІМ-нің бірлесіп жүргізген операциясы кезінде қолға түсті.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия