jasqazaq.kz

Құлдықта болған өзбекстандықтар құтқарылды

02 қараша 2017, 10:08

Қостанайда полиция жергілікті диірмен кешенінде еркінен тыс жұмыс істеген 16 Өзбекстан азаматын босатты. Ақпаратты «Қазақстанның жыныстық және репродуктивтік денсаулық ассоциациясы» ҮЕҰ Қостанайдағы филиалының қызметкері Александр Косюк Sputnik Қазақстан тілшісіне растады.

Косюктің айтуынша, босатылғандардың арасында кішкентай баласы бар әйелдер болған. Арнайы операция өткізу барысында полиция қызметкерлері диірмен кешенінде 18 шетелдік азамат жұмыс істейтінін анықтады. Алайда оның екеуі бизнесменге шағым беруден бас тартты.

Шетелдіктер бірде-бір құжат көрсете алмады, өйткені олардың құжаттарын тартып алып, сейфте сақтаған.
Сотқа дейінгі тергеу басталды, алайда өңір полициясы әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ.
Александр Косюк сондай-ақ бостандыққа шыққандарды қоғамдық ұйым жалдамалы баспанаға орналастырғанын хабарлады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде