jasqazaq.kz

Құлағындағы алқасын жұлып кеткен

12 қараша 2018, 13:58

Шымкентте алтын алқа ұрлауды кәсіп еткен күдікті ұсталды. Қазіргі таңда полицияның құрығына түскен сезіктінің екі алқа ұрлығына қатысы бар екендігі анықталып отыр.

Қалалық ПД мәліметінше, күдікті бір аптада екі рет алтын бұйымын ұрлаған. Ол күндізгі уақытта Қаратау ауданындағы көшелердің біріне шығып, жолда кетіп бара жатқан әйелге шабуыл жасаған. Мойнындағы құны шамамен 100 мың теңге тұратын алтын алқасын жұлып алған. Сөйтіп оқиға орнынан бой тасалаған. Арада бірнеше күн өткенде ол тағы ұрлыққа шығып, өзге әйелдің құны шамамен 160 мың теңге тұратын алқасын алып кеткен. «Шымкент қаласының Қаратау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында аталған күдіктіні ұстады. Аталған жайттар бойынша Қылмыстық кодекстің 191 «тонау» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», делінген хабарламада.

ҚазАқпарат

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді