jasqazaq.kz

Құлағы бетіне шыққан балаға ота жасалатын болды

02 наурыз 2018, 13:45

Құлағы бетіне шығып кеткен Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, екі жастағы Нышанбекке Алматыда ота жасалатын болды. Ота сәуірге белгіленген. Бұл туралы Today.kz-ке сілтеме жасап jasqazaq.kz хабарлайды.

Алматылық мамандар баланы порталға қоюға өтініш берген.

«Порталға құжаттарды өткіздік. Дәрігерлер отаның сәуірге белгіленгенін айтты, әзірге күтеміз», – деді баланың әкесі Нұрбол Қондыбаев.

Екі жастағы Нышанбек туа бітті патологияға шалдыққан. Дәрігерлер оған «есту өткізгішінің атрезиясы» деген диагноз қойған. Баланың құлағы бетіне шығып, оның дұрыс тамақтанып, дамуына мүмкіндік бермей отыр. Баланың иммундық жүйесі де төмендеп барады.

Естеріңізге салайық, ақпанда Нышанбектің анасы қазақстандықтардан баласын емдетуге көмек сұрады. Әйгерім Әлибаеваның өтініші меценаттың құлағына жетіп, ол баланы Алматы қалалық № 5 ауруханасында емдетуге уәде берді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде