jasqazaq.kz

Құлаған зымыран елімізге қандай залал келтірді?

16 қараша 2018, 11:58

Қазақстан Ресейге «Союз» тасымалдаушы ракетасының құлауынан келтірілген залалды бағалаудың актісін ұсынды. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте апат салдарын зерттеу жөніндегі комиссия төрағасы Юрий Ильин мәлімдеді. Бұл туралы «Алматы» телеарнасы хабарлады.

Төтенше жағдай қазанның 11-і күні орын алған болатын. «Союз» тасымалдаушы ракетасынан жерге 22 тонна керосин төгілген. Анықталғандай, апатқа датчиктің істен шығуы себеп болған. Бүгінге дейін зымыран құлаған аумақта зерттеу жұмыстары жүргізіліп, келтірілген залалдың шығыны есептелді. Қазақстан мен Ресей елдерінің келісімі бойынша арнайы комиссия құрылған.

«Ресей өз тарапынан апатқа себеп болған жағдай жөніндегі ақпаратты ұсынды. Қазақстан тасымалдаушы ракетадан төгілген сұйық отынның құлаған аумаққа тигізген залалын зерттеуге кеткен зертханалық жұмыстардың шығынын ұсынып отыр. Ал талдау жүргізген әріптестерім ракета құлаған жерде улағыш заттар концентрациясы ешқандай қауіп туғызбағанын мәлімдеді», – деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий ИЛЬИН.

Сондай-ақ, Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин «Қыс-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің қысқы дайындығын пысықтады. Мәселен, осыған дейін пайдаланылып келген 950 жылыту бекетінің қатарына қосымша тағы 130-ы қосылған. Анықталғандай, елордадағы барлық коммуналдық қызметтер де қыр астындағы қысқа сақадай сай.

«Жол пайдалану қызметтері 1 мыңнан астам инженерлік және қар тазалау техникасын дайындады. Көктайғаққа қарсы 120 мың текше метр материал, 12 мың тоннадан астам тұз дайындалған. Қардан қорғайтын 37 мың метрден астам қалқандарды орнату жүзеге асырылып жатыр», – деді Юрий ИЛЬИН.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде